Қой ұрлаған Атырау облысының үш тұрғыны 5 жылға сотталды

Үкім заңды күшіне енді.

Қой ұрлаған Атырау облысының үш тұрғыны 5 жылға сотталды
Ашық дереккөз
1403

Атырау облысының тұрғындары қой ұрлағаны үшін сотталды, деп хабарлады turkystan.kz.

Іс материалдарына сәйкес, олар қораға заңсыз кіріп, мал ұрлап, сол ауданның тұрғынына сатып жіберген. Келтірілген шығын 250 мың теңгеге бағаланған.

"Айыпталушылардың үшеуі де 18 жаста. Біреуі мүгедек. Осыны ескерген сот оларды бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды", – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары