Евгений Глотов Астана әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Ерлан Бекмұрзаевтың басқа жұмысқа ауысуына байланысты елорда әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Евгений Глотов Астана әкімінің орынбасары болып тағайындалды
gov.kz
1242

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша әкімнің орынбасары болып ҚР Әкімшілігінің экс-мемлекеттік инспекторы Евгений Глотов тағайындалды.

Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Еңбек өтілі:

Евгений Глотов еңбек жолын "Қазақстан жастар конгресі" ЗТБ-да бастады. Әр жылдары "Ауыл жастары одағы" ҚБ, "GP group" ЖШС және т. б. жұмыс істеді.

2015 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бас инспекторы қызметін атқарды. 2015 жылдың қазан айынан 2016 жылдың қазан айына дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

2016 жылғы қарашадан 2019 жылғы сәуірге дейін Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімінің орынбасары лауазымында еңбек етті.

Соңғы жылдары ҚР Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, ҚР Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметтерін атқарды.

Серіктес жаңалықтары