722
Көктайғақ, боран: демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы
Елдің оңтүстігінде жаңбыр жауып, жел күшейеді.
Қазгидромет 28-30 қазан күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.
Алдағы үш тәулікте атмосферадағы фронтальды бөліктердің әсерінен республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Синоптиктердің болжамы бойынша, жауын (жаңбыр, қар) жауады.
Елдің оңтүстігінде жаңбыр жауып, жел күшейеді. Көктайғақ болып, тұман түседі. Республиканың солтүстігінде 30 қазанда бұрқасын болады.
Еліміздің батысында, солтүстік-батысында және орталығында термометрлер күндіз 3-15 градус жылы. Оңтүстік-батыста 12-20 градус жылы, солтүстік пен шығыста -2 аяз және -8 градус жылы болады. Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста 12-25 градус жылы.