335
Екі әйелді тегін жұмыс күші ретінде пайдаланған күдікті ұсталды
Екі әйелді тегін жұмыс күші ретінде пайдаланған күдікті ұсталды
Ақтөбе облысындағы темір жол бекеттерінің бірінде жоғары лауазымды қызмет атқарған тұрғын екі әйелді тегін жұмыс күші ретінде пайдаланған деген күдікке ілікті, – деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Астана арнасы.
Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер екі әйелді құлдықтан құтқарған. Күдікті 29 және 44 жастағы әйелдерді өзінің шаруа қожалығына алдап әкелген. Зардап шегушілер жарты жылдан аса барлық ауыр жұмыстарды атқарыпты. Шаруа қожалығын басқарған күдікті ұсталды. Қазір «Адамдарды жұмысқа жегу мақсатында саудалау» бабы бойынша соталды тергеу басталды.
Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі басшысының міндетін атқарушы Нұргүл Қонақбаева: «Жедел іздестіру шаралары барысында 53 жастағы Хромтау ауданының беделді азаматы ұсталды. Қазіргі кезде осы жағдай бойынша ҚР ҚК 128 бабы 2 тармағы бойынша соталды тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті Хромтау ауданының уақытша тергеу изоляторына қамаққа алынды. Тергеу амалдары жалғасуда», – деп атап өтті.