789
Бүгін Қазақстанда ауа райы қандай болады?
Қазақстан бойынша тұман, желдің күшеюі күтіледі.
"Қазгидромет" синоптиктері 2 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Ел аумағының басым бөлігінде Атлантикалық циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалымен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі.
Елдің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Қазақстан бойынша тұман, желдің күшеюі, елдің оңтүстік-батысында шаңды дауыл болады деп болжануда.