«Тұман, қар, көктайғақ»: 3 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер жұма, 3 қарашада елімізде ауа райы қандай болатынын болжады.

«Тұман, қар, көктайғақ»: 3 қарашаға арналған ауа райы болжамы
qarmaqshy-tany.kz
811

Метеорологтардың мәліметінше, бүгін республиканың батысында, солтүстігінде, шығысында атлантикалық циклонның және атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райы құбылмалы болады.

Мәселен, кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, шығыста кей уақыттарды қар қатты жауып, бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Ал еліміздің оңтүстік жартысында антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Десе де бүгін республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді деп күтілуде. Сондай-ақ 

OpenWeather порталы бүгін Қазақстанның ірі қалаларында ауа райы қандай болатынын болжады. 

Синоптиктердің болжамынша, Алматыда күн аздаған бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 13 градусқа дейін көтеріліп, түнде 0 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 2,4 м/с.

Астанада жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 8 градусқа дейін жетіп, түнде 1 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 4,7 м/с. 

 

Шымкентте күн ашық болады. Күндіз термометр бағаны 19 градусқа дейін көтеріліп, түнде 4 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 1,7 м/с деңгейінде болмақ.

Серіктес жаңалықтары