Солтүстік Корея лидерінің ағасын жүйке-салдану газымен өлтірген

Солтүстік Корея лидерінің ағасын жүйке-салдану газымен өлтірген

Солтүстік Корея лидерінің ағасын жүйке-салдану газымен өлтірген
ашық дереккөзі
212
КХДР лидері Ким Чен Ынның ағасы Ким Чен Намды VX жүйке-салдану газымен улап өлтірген деп мәлімдеді бейсенбі күні Малайзияның полиция басшысы. Ол патологанатомиялық зерттеу қорытындысының нәтижесі осыны көрсетті дейді.
Газдың ізі марқұмның бетінде қалған. Ким Чен Намға 13 ақпан күні Куала-Лумпур әуежайында қастандық жасалды. Ол Макаоға ұшпақ болған. Малайзия полициясы төрт күдіктіні ұстаған. Олардың ішінде екі әйел бар. Олар Вьетнам және Малайзия азаматтары болып шыққан. Полицияның мәліметінше, қастандықты ұйымдастырушылардың ішінде Солтүстік Корея азаматтары да бар. Сонымен бірге КХДР-дың жеті азаматына іздеу жарияланған. 1997 және 2005 жылғы химиялық қарулар жөніндегі конвенцияға сәйкес, VX газы уландыратын соғыс газы ретінде тіркелген. Батыс сарапшыларының пікірінше, Пхеньян бұл газды қолданады. Сәрсенбі күні Пхеньян Ким Чен Намның өліміне қатысы бар екенін жоққа шығарып, Малайзияны Оңтүстік Кореямен сөз байласып "ойдан шығарып отыр" деп айыптады. Малайзия бұл оқиғаға байланысты еліндегі солтүстіккореялық дипломаттардан жауап алғылары келеді. Бірақ КХДР тергеу ісімен жұмыс істейді ме, жоқ па, әзірге жауап бермеді.

Серіктес жаңалықтары