1048
Дінмұхаммед Қонаевтың жеке хатшысы Зинаида Жукова 100 жасқа таяған шағында дүниеден өтті
Бұл туралы Қонаев музейі мәлімдеді.
Дінмұхаммед Қонаевтың хатшысы Зинаида Жукова қайтыс болды, деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл туралы Қонаев музейі Instagram парақшасында жазды.
«Д.А.Қонаев музей ұжымы Дінмұхаммед Ахметұлының 1964-1986 жылдар аралығында жеке хатшысы болған Жукова Зинаида Петровнаның (26.03.1924-04.11.2023) жүз жасқа таяған шағында 4 қараша күні дүниеден озғаны жайында қайғыра хабарлайды! Туыс -туғандарына қаймыға көңіл айтамыз»,- делінген хабарламада.