Димаш Құдайберген БҰҰ-ның Женевадағы филиал басшысымен кездесті

Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында жазды.

Димаш Құдайберген БҰҰ-ның Женевадағы филиал басшысымен кездесті
Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash
1374

Әнші Димаш Құдайберген Женеваға барып, БҰҰ женевалық филиалының басшысы Татьяна Валоваямен кездесті, деп хабарлады  turkystan.kz.

Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында жазды.

«Кеше, 6 қарашада таңғажайып Женева қаласына бардым. Онда мен Біріккен Ұлттар Ұйымының женевалық филиалының басшысы Татьяна Валоваямен кездестім. Кездесу барысында біз бірлескен жобалардың келешегін талқыладық. Сондай-ақ, белгілі тұлғалардың әмбебап адами құндылықтарды, бейбітшілік пен өзара түсіністік идеяларын ілгерілетуде ерекше рөл атқара алатынын атап өттік» деп жазды Димаш Құдайберген.

Ол Ұлттар сарайында болып, Женева кітапханасы мен БҰҰ мұрағаттарындағы өнер туындыларымен, тарихи құжаттармен және нысандармен танысқанын айтты.

«Кейінірек Уилсон сарайында – БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі басқармасында және халықаралық көші-қон ұйымының штаб-пәтерінде кездесулер өтті. Сондай-ақ Қазақстанның БҰҰ жанындағы Женевадағы Тұрақты өкілдігіне барып, қызметкерлермен және олардың отбасы мүшелерімен кездестім. Тұрақты өкіл Ерлан Әлімбаевпен кездесу барысында мен Женева алаңындағы Қазақстанның жұмыстарының басым бағыттарымен таныстым», - деді әнші.

 

Серіктес жаңалықтары