Қазақстанда тұрғын үй сатып алу-сату бойынша мәміле саны азайды

Қыркүйек айымен  салыстырғанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 6,8%-ға азайды.

Қазақстанда тұрғын үй сатып алу-сату бойынша мәміле саны азайды
dom.ria.com
851

Биыл қазан айында тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 32 975 мәміле тіркелген, деп хабарлады turkystan.kz.

Оның ішінде жеке үйлер бойынша 8 023 және көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша 24 952 мәміле жасалды.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, осы жылдың қыркүйек айымен  салыстырғанда (35 398) тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 6,8%-ға азайды.

Мәмілелер саны бойынша Алматы (5 854 – 17,8%) және Астана (5 438 – 16,5%) қалалары, сонымен қатар,  Қарағанды облысы (3 075 – 9,3%) көш бастап тұр. Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз – 298 бірлік (0,9%).

«2023 жылдың қыркүйек айымен салыстырғанда қазанда ең көп өсім Түркістан (+29,5%), Атырау (+8,9%) облыстарында  және Шымкент (+4,8%) қаласында  тіркелді. Ал бір айдағы ең үлкен төмендеу Астана қаласында (-19,2%), сонымен қатар, Абай (-15%) және Шығыс-Қазақстан (-11,9%) облыстарында орын алды», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары