«Құда боламыз»: Заттыбек Көпбосынұлы қызына Ақбота Керімбекова сырға салғанын айтты

Әріптесі Ақбота Керімбекова да тілектес болып, қолдау білдірген.

«Құда боламыз»: Заттыбек Көпбосынұлы қызына Ақбота Керімбекова сырға салғанын айтты
Фото: YouTube
3677

Әнші, сазгер Заттыбек Көпбосынұлы «Ұйқым келмейді» бағдарламасына сұхбат беріп, жақында ғана қызын ұзатқанын айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

Өнер иесі қызының дүниеге келгенін ұзақ күткенін айтады. Осыған орай 2012 жылы туған-туыс, дос-жаран мен әріптестерір жинап, той жасаған. Әріптесі Ақбота Керімбекова да тілектес болып, қолдау білдірген сәтін есіне алды.

«Ақботамен бұрыннан таныспыз. Іссапарға шыққанда мұңымызды, сырымызды айтамыз. Сонда ол мені жұбатып: «Досым, мұңайма, әлі ұлың да, қызың да болады. Екеуміз құда боламыз» дейтін. Ақботаның аузының дуасы бар екен. Одан басқа да қаншама жақын жандарымыз тілеулес болды. Алланың сабырлылық танытқанымыз үшін берген сыйы ғой, қызды болдық. Сол тойда Ақбота қызыма арнайы келіп сырға тақты. Оған дейінгі әңгімені ешкім білмейді, ал мен іштей қылп ете қалдым. Құдды тойдың үстінде әкетіп қалатындай күй кешім, қызғанғанымды көрсеңіз», - дейді әнші.

Серіктес жаңалықтары