БҚО-да ауыл мұғалімдері мемлекетке 57 млн теңге қарыз болып қалған

Мектеп қызметкерлері 2021 және 2022 жылдары жоғары жалақы алған, бірақ мұны ешқайсысы байқамаған

БҚО-да ауыл мұғалімдері мемлекетке 57 млн теңге қарыз болып қалған
Ашық дереккөз
1868

Батыс Қазақстанда ауыл мұғалімдері мемлекетке 57 миллион теңге қарыз болып қалған, деп хабарлады turkystan.kz "Астана" телеарнасы.

Жазғы демалыстан келген мұғалімдер мен қызметкерлер мемлекетке 57 млн теңге қарыз екенін естіген. Мұғалім біткен қарыздың қайдан шыққанын білмей, әбден әуре-сарсаңға түскен. Борышкерлер қатарында мұғалімдер ғана емес, күзетші, тіпті тазалаушы да бар. Барлығы 73 адам мемлекетке 57 млн теңге қарыз болып шыққан.

"Менде 9 сағат және 0.5 ставка бар, қарызым 1 миллионнан асады екен. Олар қағаздарды жинауға, қайта есептеуге бізді үнемі мәжбүр етеді. Мен енді ешқайда бармаймын. 38 жыл еңбек еттім. Бұл менің намысыма тиетін дүние", - дейді Серебряково ауылы орта мектебінің мұғалімі Светлана Сармина.

Ал облыстық білім басқармасы бұл мектептің қызметкерлері 2021 және 2022 жылдары жоғары жалақы алғанын айтады. Бірақ мұны мұғалімдердің ешқайсысы байқамаған. Енді ақшаны қайтару керек.

"Әр қызметкер қанша алатынын біледі. Ақшаның көп түскенін көрген адам қайта есептету керек қой. Қазір мұғалімдер өте сауатты, санауды біледі. Мен ешкімді ренжіткім келмейді, бірақ 73 қызметкер бір уақытта емес, ұзақ уақыт бойы көбірек ақша алып келді", - дейді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Клара Меңдіғалиева.

Мұғалімдер аймақтың экономикалық тергеу департаментіне жүгінді. Нәтижесінде мектеп директоры мен есепшісі жұмыстан шығарылды. Есепшіге қатысты "сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету бабы бойынша" қылмыстық іс қозғалды. Іс қазіргі күні сотқа жолданды.

Серіктес жаңалықтары