Газа секторынан 92 Қазақстан азаматы эвакуацияланды

Олар отбасы мүшелерімен Мысыр аумағына өтті.

Газа секторынан 92 Қазақстан азаматы эвакуацияланды
Сыртқы істер министрлігі
1190

Бүгін эвакуацияның бірінші кезеңі аясында "Рафах" бақылау-өткізу пункті арқылы Газа секторынан 92 Қазақстан азаматы мен олардың отбасы мүшелері Мысыр аумағына өтті, деп хабарлады turkystan.kz Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстандық дипломаттар отандастарымызға барлық қажетті консулдық-құқықтық және психологиялық көмек көрсетті. Шекарадағы рәсімдерден кейін барлығы бір тізбекпен Каир қаласына шықты.

Газа секторынан эвакуациялау кезең-кезеңмен жүргізілуде. Осы орайда қазақстандық дипломаттар Израиль, Мысыр, Палестина ұлттық әкімшілігінің құзыретті органдарымен және басқа да халықаралық ұйымдармен қалған отандастарымызды анклавтан эвакуациялау бойынша жұмысты жалғастырады, - дейді министрлік мамандары.

Газа секторынан шыққан қазақстандықтар Каирге аман-есен жеткеннен кейін оларға эвакуациялық борт жіберіледі.

Серіктес жаңалықтары