KEGOC қанша пайда тапты?

Компанияның шоғырландырылған шығыстары – 168 млрд теңгені құрады.

KEGOC қанша пайда тапты?
ашық дереккөз
642

KEGOC АҚ соңғы 10 айдың қорытындысын шығарып, тапқан табысын жариялады, деп хабарлады Turkystan.kz

Белгілі болғандай, акционерлік қоғам 10 айда 32,7 млрд теңге кіріс көрді. Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 70% артық көрсеткіш.

Атап көрсетерлігі, жыл аяқталмай жатып жоспар асыра орындалды. 2023 жылдың басында таза пайда 31,5 млрд теңге мөлшерінде болады деп болжанған.

«Қаңтар-қазан айларындағы негізгі қызметтен түскен кіріс 197 млрд теңгені құрады. 2022 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда таза пайда 23 млрд теңгеге өсті. Компанияның 10 айдағы жалпы шоғырландырылған шығыстары – 168 млрд теңгені құрады», – деп хабарлады KEGOC АҚ баспасөз қызметі.

Айта кетейік, KEGOC SPO қорытындысы бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ үлесі 85%-ға дейін қысқарды. SPO барысында барлық инвесторлар, соның ішінде бөлшек сауда инвесторлары тарапынан қызығушылықтың артқаны байқалады. Ұйымдастырушылар 34,8 млрд теңгеге 50 мыңнан астам өтінім алды. Сұраныс жоспарланған орналастыру көлемінен 1,5 есе артық болды.

Серіктес жаңалықтары