Трамп президент болған 1 айда АҚШ қарызы $12 млрд-қа азайды

Трамп президент болған 1 айда АҚШ қарызы $12 млрд-қа азайды

Трамп президент болған 1 айда АҚШ қарызы $12 млрд-қа азайды
ашық дереккөзі
285
АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің микроблогында ол президент болған алғашқы бір айда мемлекеттің қарызы азайғанын жазды. «Менің президенттік қызметімдегі алғашқы айда мемлекеттің қарызы 12 млрд долларға азайды. Обаманың кезінде бірінші айда бұл көрсеткіш 200 млрд долларға артқан болатын», деп жазды Трамп. Қазіргі таңда АҚШ-тың сыртқы қарызы 19,9 триллион долларды құрайды. Ал Обама президент болған 8 жылда АҚШ қарызы 9 трлн долларға өскен. АҚШ президенті Дональд Трамп жылдың қаржылық бюджетін жасау барысында қорғаныс саласының бюджетін арттыратын болды, деп жазады New York Times. Басылымның хабарлауынша, Трамп АҚШ-тың қоршаған ортаны қорғау агенттігі секілді бірқатар мемлекеттік органдарын қаржыландыруды азайтып, әлеуметтік қамту мен медициналық сақтандыру жеңілдіктерін алып тастауы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары