Ұлытау облысындағы бала-бақшаларда заңсыздық анықталды

Қадағалау актісі бойынша 6,5 мың ата-ананың құқықғы қорғалды.

Ұлытау облысындағы бала-бақшаларда заңсыздық анықталды
ortcom.kz
974

Ұлытау облысының прокуратурасы балабақшалардағы тамақтану сомасы негізсіз көтерілгенін анықтады.

«Прокурорлар 2023 жылы Ұлытау облысының әкімдігі Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Жаңаарқа ауданындағы балабақшаларда ата-ана төлемақысының негізсіз жоғары мөлшерін бекіткенін анықтады», - деп хабарлады облыстық прокуратура.

Ата-ана төлемақысының мөлшерін (айына бір балаға тамақтану үшін) белгілеу кезінде әкімдік азық-түліктің бөлшек бағасын негізге алған, алайда олардың көтерме бағасы орта есеппен алғанда 10-20% арзан.

Қадағалау актісі бойынша 6,5 мың ата-ананың құқықғы қорғалып, ата-ана төлемақысының мөлшері 1 мың теңгеге төмендетіліп (әкімдіктің қаулысына өзгеріс енгізілді), кінәлі лауазымды тұлғалар жауапқа тартылды.

Серіктес жаңалықтары