2 млрд теңге: Павлодар облысында тұрғынның үйінен киік мүйіздері табылды

Тінту кезінде киік мүйіздері сақталған 8 жәшік табылды.

2 млрд теңге: Павлодар облысында тұрғынның үйінен киік мүйіздері табылды
Видеодан кадр
730

Павлодар облысының полиция департаменті 2 млрд теңге болатын киік мүйізін анықтады, деп хабарлады turkystan.kz.

Мүйіздерді облыстық ПД-ның ҰҚҚКБ мен ҰҚКД қызметкерлері тәркіледі.

Polisia.kz сайтының мәліметінше. ұсталған Ақсу қаласының 49 жастағы тұрғынының гаражын тінту кезінде киік мүйіздері сақталған 8 жәшік табылды.

Жалпы салмағы 170 келіге жуық болатын Қызыл кітапқа енген жануардың 800-ге жуық мүйізі тәркіленді.
 

«Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабының 1-1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіге қатысты келу туралы міндеттеме түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Бірқатар сараптама тағайындалды, соның ішінде биологиялық және трассологиялық. Ұсталғандардың мемлекетке келтірген зияны шамамен 2 млрд теңгені құрады», - деді Павлодар облысы ПД бастығы Василий Скляр.

Серіктес жаңалықтары