Көктайғақ, тұман: бүгін ауа райы қандай болады?

18 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Көктайғақ, тұман: бүгін ауа райы қандай болады?
Ашық дереккөз
928

18 қарашада атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлады turkystan.kz.

Көп өңірде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, солтүстікте боран соғады.

"Тек оңтүстік-шығыста aнтициклон әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Еліміз бойынша тұман түсіп, жел күшейеді. Күндіз Жамбыл облысының оңтүстік-батысында күші 30 м/с жел тұрады", - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары