Amazon қызметкерлеріне жұмыссыз қалу қаупі төніп тұр
Бұған дейін 27 мыңнан астам қызметкер жұмыстан шығарылды.
Халықаралық электрондық саудамен айналысатын Amazon компаниясы корпоративті шығынды азайтуға басымдық беруді көздеп отыр, деп хабарлады Turkystan.kz компанияның вице-президенті Дэниэл Раушаның мәлімдемесіне сүйеніп.
«Біз белсенділігіміздің бір бөлігін бизнес басымдыққа сәйкестендіруге, соның ішінде генеративті жасанды интеллект саласындағы ресурстар мен күш-жігерді барынша арттыруға қайта бағыттаймыз», – деп түсіндірген мәселенің мән-жайын вице-президент қызметкерлеріне жолдаған хатта.
Amazon.com Inc. Alexa дауыстық көмекшісін әзірлеуге арналған бөлімшенің 100-ден астам қызметкерін қысқартпақшы. Бұған дейін Amazon 27 мыңнан астам қызметкерді жұмыстан шығарды. Осы жолғы қысқарту АҚШ, Канада, Үндістан мемлекеттеріндегі бөлімше қызметкерлеріне қатысты болады.