«Әйел мен еркек тең бе?»: Мадина Сәдуақасованың соңғы жазбасы қызу талқыға түсті

Желі қолданушылары өнер иесінің сұрағына әртүрлі жауап берген

«Әйел мен еркек тең бе?»: Мадина Сәдуақасованың соңғы жазбасы қызу талқыға түсті
instagram.com
886

Әнші Мадина Сәдуақасова әлеуметтік желіде сурет жариялап, көпшілікке сұрақ қойды, деп хабарлады turkystan.kz.

«Ер адамның киімін әйел-қыздарға киюге болмайды дейді. Неге? Жігіттердің көбі әйелден жоғарымын деп санайды екен, көрейік біз де солай ойлап… Әйел мен еркек тең бе?» – деп жазды Мадина Сәдуақасова.

Желі қолданушылары өнер иесінің сұрағына әртүрлі жауап берген.

«Қазақта әйел адам төмен болу керек», «Әйел еркектен бір саты төмек болу керек», «Алтын басты әйелден, бақа басты еркек артық», «Тең», «Тең емес», «Құқықтық жағынан тең», – деді олар.

Серіктес жаңалықтары