Абай университетінде алғаш рет электронды атлас әзірленді

Бұл – интерактивті атлас хордалылардың (омыртқалылардың) сыртқы және ішкі құрылысының негізгі ерекшеліктерін танып-білуге мүмкіндік беретін инновациялық оқу құралы.

Абай университетінде алғаш рет электронды атлас әзірленді
741

Абай университетінде «Омыртқалылар зоологиясы» пәні бойынша болашақ биология мұғалімдері үшін алғаш рет электронды атлас әзірленді.

Электрондық ресурстың мақсаты – Қазақстандағы жоғары оқу орындарының оқытушылары мен мектеп мұғалімдеріне көмекші құрал ретінде «Омыртқалылар зоологиясы» курсын оқытуда компьютерлік технологияларды пайдалану.

«Омыртқалылар зоологиясы» бойынша электронды атласты қазақ және орыс тілдерінде Жаратылыстану және география институты биология кафедрасының оқытушылары К.Батырова, М.Жақсыбаев, А.Майматаева, Д.Сексенова әзірледі. Бұл – интерактивті атлас хордалылардың (омыртқалылардың) сыртқы және ішкі құрылысының негізгі ерекшеліктерін танып-білуге мүмкіндік беретін инновациялық оқу құралы. Сондай-ақ ол оқу материалдарын игеруді жеңілдетеді және студенттердің жануарлар әлемі туралы біртұтас дүниетанымын қалыптастыруға ықпал етеді.
Оқытуда жаңа технологияларды қолдану көрнекілікті арттырады. Бұл студенттердің ғылыми зерттеулерге деген ынтасын арттыруға және оқу процесінің жалпы тиімділігіне оң әсерін тигізеді.

Серіктес жаңалықтары