Экс-вице-министр Нұржан Әлтаевқа сот үкімі шықты
Ол аса ірі көлемде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.
Астанада бұрынғы еңбек вице-министрі, Мәжілістің экс-депутаты Нұржан Әлтаевқа қатысты сот үкімі шықты.
Сот оны 10 жылға бас бостандығынан айырды. Сот үкім заңды күшіне енген жоқ және оған шағым жасауға болады.
Нұржан Әлтаев 2018-2020 жылдары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тұрғанда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы Абылай Мырзахметовтен пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Параның жалпы сомасы 50 млн теңгеден асады (115 мың доллар және 8 млн теңге).
Нұржан Әлтаев әр жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары, Ауыл шаруашылығы вице-министрі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, Парламент Мәжілісінің депутаты болып қызмет атқарды.