Сот Криштиану Роналдуға қатысты іске үкім шығарды

Кэтрин Майорганың талабы орындалмады.

Сот Криштиану Роналдуға қатысты іске үкім шығарды
ашық дереккөз
1037

Осыдан 5 жыл бұрын «Аль-Наср» клубының қазіргі шабуылшысы Криштиану Роналдуға қыз зорлады деген айып тағылған болатын. Таяуда сот Кэтрин Майорганың футболшыны кінәлап жазған шағымын кері қайтарды, деп хабарлады Turkystan.kz Daily Mail-ге сілтеме жасап.

Іс 2018 жылғы қыркүйекте басталды. Бойжеткен Криштиану Роналду өзін 2009 жылы маусымда Лас-Вегаста қонақүйде зорлағанын айтты. Кэтрин Майорга ауызбастырық үшін футболистен қомақты қаржы алып отырғанын мәлімдеді.

Криштиану Роналду айыптаушыға 375 мың доллар ақша аударғанын мойындады, бірақ оны зорлағанын жоққа шығарды. Оның адвокаттары жыныстық қатынас ерікті түрде болғанын және жария етпеу келісімі бойынша Кэтрин Майорга оқиға туралы тіс жармауға тиіс екенін алға тартты.

2020 жылы Кэтрин Майорга 10 жыл бұрын жасалған келісімдегі ақпаратты жарияламау туралы шартты түсінбегенін дәлелдеуге әрекеттенді.

Судья Дженнифер Дорси айыптаушы құпия құжаттарды пайдаланды, айлакерлікке барды деп істі тоқтатты.

Кэтрин Майорганың адвокаттары АҚШ-тың 9 - апелляциялық сотынан істі қысқарту туралы шешімнің күшін жоюды және 2018 жылы Невадада алғаш рет берген сот ісін қайта бастауды сұрады. Сот бұл талапты да орындамады.

Серіктес жаңалықтары