Ақтауда бейімдеу орталығында мүлдем жұмыс істемегендерге жалақы төленген

Тексеру нәтижелері бойынша бюджет қаражатын ұрлау фактісі анықталды.

Ақтауда бейімдеу орталығында мүлдем жұмыс істемегендерге жалақы төленген
egemen.kz
722

Маңғыстау облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында бұрынғы директор ай сайын жұмыс істемеген туыстарына жалақы төлеп отырған, деп хабарлады turkystan.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Прокурорлар сотқа дейінгі тергеуді бастады, тергеу материалдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жіберілді. Ақтау қалалық прокуратурасы жетім және мүгедек балаларға медициналық-әлеуметтік қызмет көрсететін денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау жүйесінің мекемелеріне тексеру жүргізді.

Тексеру нәтижелері бойынша бюджет қаражатын ұрлау фактісі анықталды.

«2022 жылы облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орталықтың бұрынғы директорының туыстары жалған жұмысқа орналастырылды, яғни жұмыс істемей, ай сайын жалақы алған. Оған қоса, сыйақылар төленген. Олардың есеп шоттарына барлығы 2,6 млн теңге аударылды», - деп түсіндірді прокурорлар.

Осы факт бойынша прокуратура Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Тергеуге арналған материалдар Маңғыстау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Департаментіне берілді.

Естеріңізге сала кетейік, қазан айында Ақтау қалалық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының басшылығына қатысты қылмыстық тергеу жүргізіліп жатқаны белгілі болды.  

 

Серіктес жаңалықтары