Экономиканың болашағы мұнайға емес, технология, ғылым және инновацияға байланысты

2029 жылға қарай елдің ЖІӨ 450 миллиард АҚШ долларына жетуі керек

Экономиканың болашағы мұнайға емес, технология, ғылым және инновацияға байланысты
705

Мемлекет басшысы Қасым-ЖомартТоқаев алдағы жылдарға айқын стратегиялық бағыт белгіледі: Қазақстан бәсекелестіктегі артықшылыққа назар аударуға тиіс. Бұл – логистикалық әлеует, пайдалы қазбаларды өңдеуді ұлғайту және шығармашылық, цифрлық экономиканың жұмыс істеуі үшін жағдай жасау. Бұл туралы Мәжіліс Спикері Ерлан Қошанов "Казахстанская правда" газетіне берген сұхбатында мәлімдеді.

"7 жылда біз ЖІӨ-ні екі есе арттырып, мөлшерін 2029 жылға қарай 450 миллиард АҚШ долларына дейін жеткізуіміз керек. Яғни экономиканың өсімі қарқынды болуы керек, бұл тек мұнай өндіру көлемінің өсуіне немесе құрылыс жобаларына ғана емес, технологияларға, жұмысшылардың әлеуеті жоғары болуына, ғылым мен инновацияның дамуына байланысты", – деді Парламент Мәжілісінің төрағасы.

Мәселен, Мәжіліс бірінші оқылымда бизнес жүргізу мәселелері бойынша заң жобасын мақұлдады, сол арқылы кәсіпкерлердің жұмыс істеуіне кедергі келтіретін бұрмаланған реттеулер, монополия сын-қатері мен сыбайлас жемқорлыққа апарып соғатын артық шектеулер алынып тасталады. Сонымен қатар, депутаттар жер қойнауына, кәсіпорындар мен жұмысшыларға жауапкершілікпен қарауға жағдай жасау үшін ірі өнеркәсіп иелеріне қойылатын талаптарды күшейтуге ниетті. Спикердің пікірінше, өз міндетін жауапкершілікпен орындайтын, база мен технологияларды дамытатын, өз қызметкерлеріне және олар жұмыс істейтін өңірлерге инвестиция салатын кәсіпкерлерге басымдық берілуге тиіс.


"Жақында Президенттің сайлауалды бағдарламасын орындау үшін Парламенттің қарауына экономиканы көлеңкеден шығаруға, салық салудың әділ жүйесін құруға, экономикаға қажет емес эксклюзияларды иеленіп отырғандарды, тіпті аты-жөнімен атап, зияны бар артықшылықтарды алып тастауға арналған жаңа Салық кодексінің жобасы түседі", – деді ол.

Серіктес жаңалықтары