Қазақстандағы ең үздік дене шынықтыру пәні мұғалімі анықталды

Аудандық, облыстық деңгейде іріктелген дене шынықтыру мұғалімдері өзара кім мықтыны анықтады.

Қазақстандағы ең үздік дене шынықтыру пәні мұғалімі анықталды
1071

Кеше ҚР Оқу-ағарту министрлігі, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы және Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы бірлесіп өткізген «Үздік дене шынықтыру педагогі – 2023» республикалық байқауы аяқталды.

Аталған республикалық байқау үш кезең бойынша өткізілді. Қыркүйек айында өткізілген бірінші кезеңде жалпы орта білім беру ұйымдарының дене шынықтыру педагогтері аудандық деңгейде іріктеуден өтеді. Сосын қазан айында облыстардың және Астана, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармалары облыс, қала атынан финалға қатысатын мықтыларды анықтады. Ал кеше «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының базасында үш күнге жалғасқан финалдық кезеңде топтан оза шыққан жеңімпаздар белгілі болды.

Сонымен тартысқа толы өткен «Үздік дене шынықтыру мұғалімі-2023» республикалық жарысында Қостанай облысынан сынға түскен мұғалім Әбдіғалиев Нұрбол Гран при иегері атанды. Сайыс қорытындысы бойынша Оспанова Жұлдыз (Алматы қаласы) 1-орынға лайық деп танылса, ал Ақтөбе облысынан келген Пұсырманов Әлібек 2-орын, ал Ақмола облысының мұғалімі Иманова Гүлжан 3-орынды місе тұтты.

Айта кетейік, бұл байқаудың негізгі мақсаты – дене шынықтыру педагогтерінің шығармашылық бастамасын қолдау, кәсіби өсуге жәрдемдесу, осы мамандық бойынша педагогтердің  еңбегінің беделін арттыру. Аталған тартысты байқауға облыстық кезеңінің жеңімпаздары. -конкурстың

Серіктес жаңалықтары