Назарбаев Қазақстан халқын Алғыс айту күнімен құттықтады

Назарбаев Қазақстан халқын Алғыс айту күнімен құттықтады

Назарбаев Қазақстан халқын Алғыс айту күнімен құттықтады
ашық дереккөзі
220
Қазақстан халқы Ассамблеясының форумы барысында Қазақстанның мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғыс айту күнімен құттықтауын халыққа жеткізді. «Алғыс айту күні — біздің мемлекеттік күнтізбемізде жақында ғана пайда болған ерекше мереке. Жас мереке болса да, бұл күн терең тарихымыздың белгісі. Ол сол бір қиын кездерді еске алып тұрады. Ол кезде адамдардың ең құнды қасиеттері қайырымдылық, рақымдылық пен өзара көмек болатын», — деді Президент.
 Алғыс айту күнін атап өту 2016 жылы 15 қаңтарда президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен бекітілген.
Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылы 23 сәуірде Қазақстан халқы ассамблеясының 22-сессиясында Қазақстандағы халықтардың бір-біріне және қазақтарға алғыс білдіру күнін атап өтуді ұсынған. Назарбаев сталиндік режим кезінде Қазақстанға мыңдаған өзге ұлт өкілдері депортацияланып, қазақтардың оларды жатсынбай, қабылдағанын айтқан. Сессияда сөйлеген Назарбаев Қазақстан халқы ассамблеясының құрылған күні - 1 наурызды немесе басқа күнді "Қазақстандағы барлық этностардың бір-біріне және өздерін қабылдап, туғанындай мейірім көрсеткен қазақ халқына алғыс айту күні ретінде атап өткен әділетті болар еді" деген. Президенттің пікірінше, мұндай дәстүр қазақстандықтарды бір-біріне барынша жақындастырып, мейірім мен махаббат мерекесі болмақ. Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, елдегі ұлттық экономика министрлігі жанындағы статистика комитетінің мәліметі бойынша, 2016 жылы Қазақстаннан 35 мың адам кеткен. Бұл оның алдыңғы жылмен салыстырғанда 16 пайызға көп. Ал елге тұрақты тұру үшін келгендердің саны 13 мың 347 адам. 2015 жылмен салыстырғанда 19 пайызға аз.
 

Серіктес жаңалықтары