LRT Ұлттық қордан қаржыландырылады

Жобаның жалпы құны 1,888 млн доллар.

LRT Ұлттық қордан қаржыландырылады
ашық дереккөз
1152

Көлік министрлігі 52 млрд теңге немесе 110 млн доллардан астам қаражат сұрап отыр, деп хабарлады Turkystan.kz.

Бұған дейін әкімдік LRT құрылысы мемлекеттік бюджет және сыртқы қарыз бен облигация қаражатын тарту есебінен салынады деп мәлімдеген болатын.

Жоба 1,888 млн доллар деп бағаланып отыр. LRT құрылысының алғашқы кезеңі келесі жылдың соңына дейін салынады деп уәде етілген. Жоба 2026 жылдың соңына дейін пайдалануға берілуге тиіс.

LRT құрылы 2011 жылы басталды. 2020 жылы елордалықтар жеңіл рельсті жүрдек көлікпен жүйткіп жүреді деп жоспарланды. «Астана банкінің» есепшотында 80 млрд теңгенің бұғатталуы салдарынан құрылыс жұмысы тоқтады. Кейін LRT жобасының бұрынғы басшысы Талғат Ардан мен қала әкімінің экс-орынбасары Қанат Сұлтанбековке  қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу күдіктілер жұмыс құнын қасақана көтеріп, ұрланған ақшаны жалған кәсіпорындар арқылы өндіріп алып отырғанын анықтады.

Серіктес жаңалықтары