Абылай Мырзахметовті қамауға алу мерзімі 10 желтоқсанға дейін ұзартылды

Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Абылай Мырзахметовті қамауға алу мерзімі 10 желтоқсанға дейін ұзартылды
Турар Казангапов
1129

Мамыр айында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметовке қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады Turkystan.kz.

Маусым айында Абылай Мырзахметов қамауға алынды. Ол алаяқтық жасады деген күдікке ілінді.

Абылай Мырзахметов кәсіпкерге туысын қылмыстық жауапкершіліктен босатуға көмектесуге уәде берген. Осы үшін ірі көлемде ақша сұраған.

21 қарашада Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Әлтаев сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін 10 жылға сотталды. Тергеу мәліметі бойынша, ол Абылай Мырзахметовтің делдалы арқылы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының мүддесін қорғағаны үшін 50 млн теңгеден астам ақша алған.

Абылай Мырзахметов 2013-2022 жылдар аралығында кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы болды. Бұған дейін ол Көлік және коммуникация министрі қызметін атқарды. Кейін сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен қызметінен шеттетілді. 2013 жылы шартты түрде 5 жылға сотталды.

Серіктес жаңалықтары