«Кедергісіз келешек»: Әр бала бақытты болуға лайық

Жоба аясында демалыс аймағында мүмкіндігі шектеулі 60 балаға мерекелік дастархан жайылып, хауыз қолданысқа берілді.

«Кедергісіз келешек»: Әр бала бақытты болуға лайық
1018

«AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» партиялық жобасын іске асыру шеңберінде әлеуметтік инфрақұрылым, денсаулық сақтау және мәдениет нысандары мен қызмет көрсету орталықтарын бейімдеу және ерекше жандар үшін инфрақұрылымды жақсарту жөніндегі жұмыс қарқынды жалғасып жатыр.

Әсіресе, Шымкент қаласында балалар демалысын және сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыруға бағытталған біршама іс атқарылды.

Шымкентте белсенді жұмыс істейтін «Жігер» қоғамдық бірлестігі балаларды қорғау күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастыру үшін «AMANAT» партиясының Абай аудандық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінен көмек сұрап келген болатын. Айта кетейік, аталған қоғамдық бірлестік 2013 жылдан бері 3 жастан 18 жасқа дейінгі аутизм, жүйке жүйесі мен тірек қозғалысы жүйесінде ақауы бар балаларға қызмет көрсетеді. Бірлестіктің бұл айтқанына құлақ түрген қалалық мәслихат депутаты, «Жаңаталап» бастауыш партия ұйымының төрағасы Шыңғыс Қозбахов демеушілік жасап, нәтижесінде биыл 1 маусым күні «Летопарк» демалыс аймағында мүмкіндігі шектеулі 60 балаға мерекелік дастархан жайылып, хауыз қолданысқа берілді.

Одан бөлек, Шымкенттегі Еңбекші ауданындағы  11-шағынауданда тұратын тұрғындары атынан Исабеков Ибрагим Еңбекші аудандық партия филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесіне барып, балаларға ойын алаңшасын салып беруде көмек сұрап келген еді. Еңбекші аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Гүлжайна Жартыбекова бұл мәселені аудан әкімі Есілбек Досбол Күздікбайұлына жолданды. Нәтижесінде 2023 жылдың  29  маусым  күні қабылдауда болған  11-шағынауданы  тұрғынының өтінішімен «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында  балалар ойын алаңшасы салынып, қолданысқа берілді.

Серіктес жаңалықтары