Мемлекет басшысы Албания Республикасының президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Албания Республикасын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы Албания Республикасының президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
akorda.kz
935

Қасым-Жомарт Тоқаев Байрам Бегайды Албания Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.

«Бүгінде Албания тұрақты даму, халықтың әл-ауқатын жақсарту және халықаралық қауымдастықтағы беделін арттыру жолында елеулі жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Осы ретте мемлекетіңіздің одан әрі қарыштап дамуына, еліңіздің мерейі әрқашан үстем болуына тілектеспін», – деп жазылған жеделхатта.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Байрам Бегайдың аса жауапты қызметіне толағай табыс, ал достас Албания халқына құт-береке тіледі.

Серіктес жаңалықтары