Мереке күндерінде қосымша жүретін пойыздардың тізімі шықты

Үш бағытқа қосымша пойыздар қосылады.

Мереке күндерінде қосымша жүретін пойыздардың тізімі шықты
egemen.kz
1450

«Жолаушылар тасымалы» АҚ Тәуелсіздік күні мерекесі мен Жаңа жыл мейрамы қарсаңында жолаушылар тарапынан пойыздарға сұраныс күрт артатынына байланысты қосымша пойыздарды бірнеше бағыттарға қосады. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Қосымша пойыздар келесі бағыттар бойынша қатынайды:

  • - №201/202 «Нұр-Сұлтан 1-Шымкент». Жүретін күндері – Астанада 15, 29 желтоқсан және 2024 жылдың 1 қаңтары, ал Шымкенттен 16, 30 желтоқсан мен 2024 жылдың 2 қаңтарында;
  • - №203/204 «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол-Алматы 2». Жүретін күндері - 15, 28, 29 желтоқсаны және 2024 жылдың 1, 2 қаңтары «Нұрлы жол» вокзалынан, ал Алматы 2 вокзалынан - 16, 29, 30 желтоқсан және келер 2024 жылдың 2-3 қаңтар;
  • - №7510/7509 «Астана-Павлодар» электр пойызы. Жүретін күндері - 15, 29, 30 желтоқсан, ал кері бағытта - 18 желтоқсан 2024 жылдың 2 қаңтары;

«Бұдан басқа сұранысы көп бағыттар бойынша техникалық мүмкіндік болған кезде жолаушылар пойыздарына қосымша вагондар қосылады», - дейді компания мамандары.

 

Серіктес жаңалықтары