Жаңа жыл қарсаңында Мысырда демалудың құны қанша?

Биыл еліміздің 1,5 миллионнан астам азаматы шетелге сапар шегеді.

Жаңа жыл қарсаңында Мысырда демалудың құны қанша?
ашық дереккөз
3719

Былтыр еліміздің қанша азаматы шетелде демалғаны белгілі болды, деп хабарлайды Turkystan.kz.

Freedom life сарапшыларының дерегінше, 975 мыңнан астам адам демалысын Қазақстаннан тыс жерде өткізіп, саяхатқа 225 млрд теңгеден астам қаржы жұмсады.

Бой жазып, ой сергіткендердің көшін алматылықтар бастады. Олар жер аралап, ел көруге 71 миллиардтан астам ақша шығындады. Екінші орынға елордалық туристер табан тіреді. Астана тұрғындары саяхаттауға 34,3 миллиард теңге санап берді. Қарағанды ​​облысының туристері үшінші орыннан көрініп, қыдыруға 34,8 миллиард теңге жұмсады.

Атап көрсетерлігі қарағандылықтардың демалысы қымбатқа шықты. Мұнда әр адам орта есеппен туристік агенттіктерге 388 мың теңге  ұсынды. Ал Абай, Ақтөбе облысының тұрғындары демалуға 61-75 мың теңге шығындаумен шектелді.

Сарапшылардың болжамынша, биыл еліміздің 1,5 миллионнан астам азаматы шетелге сапар шегеді. Бағаның өсуіне байланысты олардың демалысы бұрынғыдан қымбат болады.

Мысалы жаңа жыл қарсаңында Мысырда 3-4 жұлдызды қонақүйде бір апта демалу құны былтыр 265 мың теңге болды. Биыл 440 мың теңгені құрап отыр.

Серіктес жаңалықтары