NCOC компаниясы мұнай өндіру көлемін 33 мың тоннаға қысқартты
Табиғат мұнай экспортына кедергі келтіріп жатыр.
Солтүстік Каспий жобасының операторы NCOC компаниясы Каспий құбыр консорциумының терминалында қабылдаудың тоқтатылуына байланысты мұнай өндіру көлемін шектеді, деп хабарлайды Turkystan.kz.
«ҚР Отын-энергетика кешені» АҚ ахуалдық талдау орталығының хабарлауынша, ауа райының қолайсыздығына байланысты Новороссийск портындағы терминалда жөнелту уақытша тоқтатылып, NCOC компаниясы мұнай өндіру көлемін 38%-ға, яғни 54-тен 33 мың тоннаға дейін қысқартты.
NCOC бірлескен кәсіпорны Атырауда орналасқан. Компания Каспий теңізінің солтүстігіндегі Қашаған мұнай кен орнын игерумен айналысады. Бұған дейін Каспий құбыр консорциумы терминалында жөнелтілімдердің тоқтатылуына байланысты «Теңізшевройл» компаниясы өндіріс көлемін 60%-ға шектеген болатын.
Естеріңізге салайық, Каспий құбыр консорциуымының терминалы орналасқан Новороссийск теңіз портындағы дауыл мен толқынға байланысты консорциум қазақстандық мұнайды экспортқа жөнелтуді уақытша тоқтатты. Мұны Энергетика министрлігі растап, еліміздің ірі кен орындары – «Теңіз», «Қашаған» және «Қарашығанақ» қалыптасқан жағдайға байланысты мұнай өндіру көлемін қысқартқанын хабарлады.