Халықтың депозиттегі ақшасы бір жылда қаншаға өсті?

Депозиттегі жинақ көлемі 14,8 трлн теңгеге жетті.

Халықтың депозиттегі ақшасы бір жылда қаншаға өсті?
kapital.kz
1302

Ұлттық банктің мәліметінше, 1 қарашадағы жағдай бойынша, салымшылардың банк депозиттеріндегі қаражатының көлемі 14,8 трлн теңгеге жетті, деп хабарлады Turkystan.kz.

2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 22,6%-ды немесе 2,73 трлн теңгені құрады.

Бұл – халықтың депозиттегі ақшасы бір жылда шамамен 3 трлн  теңгеге жуық өсті деген сөз.

Өңір бөлінісінде алматылықтардың ақша жинауға басымдық беретіні байқалды. Олардың жинағы 6,6 трлн теңгеге жетті.

Астаналықтар депозитте 1,7 трлн теңге сақтап отыр. Қарағанды облысының тұрғындары банктерге - 851,6 млрд, Қостанай облысының салымшылары - 593,9 млрд, Шымкент қаласындағы клиенттер - 561,9 млрд теңгені сеніп тапсырған.

Депозиттің ең аз мөлшері Ұлытау облысы (104,3 млрд.т.) мен Түркістан облысының тұрғындарына (123,3 млрд.т) тиесілі.

Серіктес жаңалықтары