Оңтүстік Кореяда иттің етін жеуге және сатуға тыйым салынады

Солтүстік Корея иттің етін тұтыну көлемін көбейтіп жатыр.

Оңтүстік Кореяда иттің етін жеуге және сатуға тыйым салынады
ашық дереккөз
2793

Оңтүстік Корея үкіметі мен биліктегі «Халық қуаты» партиясы жануарларды қорғау ұйымдарының жылдар бойғы сынын назарға алып, иттің етін жеуге және сатуға тыйым салатын заң қабылдау қажет деген шешімге келді.

Партия басшысы Ю Эуи-Донг иттің етін тұтынуды тоқтату қажет екенін мәлімдеді, деп хабарлады Turkystan.kz The Times-қа сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, 2027 жылдан бастап итті союға, сатуға және оның етін жеуге толық тыйым салынады. Бұған дейін ит фермалары, саудагерлер мен мейрамхана иелері жергілікті билікке ит етін жою жоспарын ұсынуы керек. Бұл бастаманы қолдағандарға мемлекет көмек көрсетеді.

Халық үкіметтің бастамасына қарсылық танытып, наразылық шеруін ұйымдастырып жатыр. Тіпті, полициямен қақтығысып та үлгерді.

Бір қызығы, Оңтүстік Корея иттің етін жеуден бас тартуға талпынса, Солтүстік Корея керісінше, иттің етін тұтыну көлемін көбейтіп жатыр.

 

Серіктес жаңалықтары