259
Ким Чен Намды өлтірді деген күдіктіге айып тағылды
Ким Чен Намды өлтірді деген күдіктіге айып тағылды
Малайзия билігі Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ынның ағасы Ким Чен Намды өлтірді деген күдікпен ұстаған екі әйелге айып тақты. Вьетнам және Индонезия азаматтарына өлім жазасы қаупі бар. Олар өздеріне тағылған айыпты мойындамайды. Әйелдерді сотқа күшейтілген күзетпен әкелді, олардың үстіне оқ өтпейтін киім кигізген деп хабарлайды Associated Press.
Ким Чен Нам 14 ақпан күшін Малайзия астанасының әуежайында уланған. Оның бетін улы зат жағылған шүберекпен бүркеген. Қылмысқа қатысы бар деп он адам күдікке ілінген. Оның төртеуі ұсталған. Ұсталған Индонезия азаматы шабуылды жәй "ойын" деп есептегенін айтқан. Оның сөздерінше, бейтаныс адам оған 90 доллар беріп, "балалар сабынына" ұқсайтын сұйықтық жағылған шүберекті Ким Чен Намның бетіне бүркеуін сұраған. Бірақ әйелдің денесінде улы заттың ізі болмаған.
Ким Чен Нам Солтүстік Кореяның бұрынғы лидері Ким Чен Ирдің үлкен ұлы. Соңғы уақытта шетелде тұрған, Пхеньян билігін ашық түрде сынап келген. Оңтүстіккореялық БАҚ-тың жазуынша, өлімге тапсырыс берген Солтүстік Кореяның арнайы қызметі болуы мүмкін.