Қарағандылық полицей қате салынған екпеден көз жұмды

Төрежан Мақашев қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде жұмыс істеген.

Қарағандылық полицей қате салынған екпеден көз жұмды
telegram/«Патриот»
1374

Қарағандыдағы облыстық клиникалық ауруханада дәрігерлер науқастың "ЦЕФ-3 препаратына қатты аллергия бар" деген сөзіне назар аудармай, екпе салған. Салдарынан науқас анафилактикалық шок алып көз жұмған. Қайғылы оқиға 8 қарашада болды. Бұл туралы «Патриот» Telegram-арнасы хабарлады.

Марқұмның туыстары оқиға қалай болғанын айтты.

Ағам мемлекеттік қызмет порталы арқылы жоспарлы науқас ретінде түсті. Оған геморройды алып тастау үшін ота жасалуы керек еді. Ол дәрігерлерге Цеф-3 препаратына және новокаинге аллергиясы барын айтты. Дәрігерлер оның білегіне осы препараттарға аллергиясы барын білдіретін көк түсті жапсырмалары бар білезік таққан. Бірақ медбике ағамның палатасына кіріп, Цеф-3 салған. Төрежан қызарып, тұншығып, қайтыс болды, - дейді марқұм Төрежанның ағасы Арман Мақашев.

Төрежан Мақашев қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде жұмыс істеген. Енді оның артында үш баласы жетім, әйелі жесір қалды.

«Дәрігерлер немқұрайды қарап, ағамды өлтірді. Геморройды алып тастау операциясына кірісіп те үлгермеген! Науқастың Цеф-3-ке аллергиясы барын біле отырып, қалай укол салуға болады? Дәрігерлер назар аудармаса, білезікті не үшін тағады?» - дейді марқұмның бауыры.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалыпты. Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Қанат Абзалиевтің айтуынша, тексеріс жүргізілген.

«Анафилактикалық реакция өте ауыр болған. Тексеріс барысында жіберілген қателер анықталды. Қабылдау бөлмесінің дәрігерлері, проктологиялық бөлім меңгерушісінің м.а., медбике аллергиялық анамнезді дұрыс жинамағаны анықталды», - деп түсіндірді Абзалиев.

Серіктес жаңалықтары