Қазақстанда алдағы күндері 33 градусқа дейін аяз болады

Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.

Қазақстанда алдағы күндері 33 градусқа дейін аяз болады
gov.kz
1723

Синоптиктер 5-7 желтоқсан аралығында республика бойынша ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

«6 желтоқсанда солтүстікте қалың қар жауып, көктайғақ, боран болуы ықтимал. Ал еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ғана күн ашық болады. 7 желтоқсанда республиканың барлық бөлігінде жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы күрт төмендейді. Елдің батысы, орталығы мен шығысында 10-18°С аяз, солтүстік-батысы мен солтүстігінде 25-33°С аяз, оңтүстігінде 5-13°С аяз болуы мүмкін», – делінген хабарламада.

Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.

Серіктес жаңалықтары