587
Қазақстандық бапкер ресейлік клубты жаттықтыруы мүмкін
Ол осы маусымда оралдық «Ақжайық» клубын жаттықтырған болатын.
Қазақстандық бапкер Игорь Прохницкий Ресейдің бірінші лигасында өнер көрсететін, Саратов қаласында жаттығатын «Сокол» командасын жаттықтыруы мүмкін, деп хабарлады turkystan.kz Meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап.
60 жастағы Прохницкий әр жылдары жас футболшыларды, атап айтсақ, «Ақтөбенің» жастар командасын және «Ақтөбе-Жас» клубын жаттықтырған. 2012 жылы U17 Қазақстан құрамасы аға бапкерінің көмекшісі, 2013-2014 жыдары ақтаулық «Каспий» клубының бас бапкері болып жұмыс істеген. Ол 2023 жылғы маусымда Бірінші лигада 4-орынға табан тіреген оралдық «Ақжайық» клубын жаттықтырған болатын.
«Сокол» командасы қазір Бірінші дивизионда турнирлік кестеде 16-орында тұр.