Ақтауда ауыл мен көше атаулары қазақшаланды

Бұдан былай Приморский ауылы «Ақ Желкен», ал Приозёрный ауылы «Оймаша» деп аталатын болды.

Ақтауда ауыл мен көше атаулары қазақшаланды
925

Ақтауда Приморский және Приозёрный ауылдарының атауы қазақшаланды, деп хабарлады turkystan.kz lada.kz-ке сілтеме жасап.

Қалалық әкімдік баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұдан былай Приморский ауылы «Ақ Желкен», ал Приозёрный ауылы «Оймаша» деп аталатын болды.

Одан бөлек, Приморский және Рауан ауылдарындағы көше атаулары да қазақшаланды. Енді «Жемчужная» көшесі - «Ақ маржан», «Весенняя» көшесі - «Көктем», ал «Урожайная» көшесі «Құлагер» деп өзгертілді.

Ал Рауан ауылында атау берілмеген көшелерге «Аққорған», «Жолбаян», «Ақмая», «Шыңырау», «Ақеспе» атаулары берілді.

«ҚР әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» ҚР Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес, Маңғыстау облысы әкімшілігі жанындағы комиссияның 2023 жылғы 18 сәуірдегі қорытындысы негізінде және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, тұрғын үй алаптары мен көшелердің атауларын өзгерту туралы шешім қабылданды. Рауанда 32 көше және Приморскийде 16 көше атауы өзгертілді», – деп мәлімдеді ауыл әкімі Өмірзақ Бисенғали Кенжалиев.

Серіктес жаңалықтары