«Жаңа тарих жазамыз!»: Жанқош Тұраров Тәуелсіздік күніне орай өтетін жекпе-жегі туралы айтты

Боксшы келесі жекпе-жегін 10 желтоқсанда Алматыда өткізбек.

«Жаңа тарих жазамыз!»: Жанқош Тұраров Тәуелсіздік күніне орай өтетін жекпе-жегі туралы айтты
Фото: ашық дереккөз
1458

Қазақстандық боксшы, бірінші орта салмақта IBO чемпионы Жанқош Тұраров (27-0, 20 KO) Тәуелсіздік күніне орай өтетін жекпе-жегі туралы айтты, деп хабарлады turkystan.kz. 

Боксшы келесі жекпе-жегін 10 желтоқсанда Алматыда өткізбек. Осыған орай жанкүйерлерін қолдап келуге шақырды.

«10 желтоқсан күні Тәуелсіздік күніне орай үлкен жарыс жасайын деп жатырмыз. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, бәріміз атсалысып, жапонның Самурайын бірге жеңейік! Келіңіздер, қолдаңыздар. Тәуелсіздікке сыйымыз болсын!» - деді боксшы.

Айта кетейік, Жанқош Тұраров бұл жолы 38 жастағы жапониялық Акихира Кондомен (37-11-2, 21 KO) кездеседі. Боксшылар Жанқош Тұраровтың белбеуінен бөлек WBA Gold титулын да сарапқа салады.

«Біздің белдіктер бізде қалады. Бұған қоса тағы біреуін алып кетеміз — WBA Gold World. Алла қаласа, 10 желтоқсан күні жаңа тарих жазамыз!», - деп жазды боксшы Instagram парақшасында.

 

Серіктес жаңалықтары