1438
Мысық асырау шизофренияға шалдығу қаупін 2 есе жоғарылатуы мүмкін – ғалымдар
Паразит адам ағзасына енгеннен кейін мидағы нейротрансмиттерлерге әсер етуі мүмкін дейді зерттеушілер.
Аустралия ғалымдары мысық асырау шизофренияға шалдығу қаупін 2 есе жоғарылатуы мүмкін деген тұжырымға келіп отыр.
Ғалымдардың зерттеуіне сүйенсек, бұған - мысықтың ішегінде өмір сүретін Toxoplasma gondii паразиті себеп.
Паразит адам ағзасына енгеннен кейін мидағы нейротрансмиттерлерге әсер етуі мүмкін дейді зерттеушілер. Олардың жұмысындағы ақау тұлғаның өзгеруіне әкеледі. Шизофрения белгілері әдетте 16-30 жаста пайда болады, – деп жазылған зерттеуде.