Жүректерді жаулаған «Өшпес махаббат»

Жүректерді жаулаған «Өшпес махаббат»

Жүректерді жаулаған «Өшпес махаббат»
ашық дереккөзі
2632
Нәзік сезім, қатыгез тағдыр, байлар мен кедейлер әлемінің арасындағы алшақтық, тағдырдың адамға бір рет беретін бағы –  ғажайып телехикаяда. Түркиядағы ең танымал, ең көп көрермен жинаған «Өшпес махаббат» (Kara sevda) телехикаясын әлемнің әр түкпіріндегі көрермендер шынайылығы, тазалығы, әділдігі, бірегейлігі және қайталанбас сюжеті үшін бір көргеннен ұнатқан. Ал бұл таңғажайып туындының басты рөлдерін – Бурак Өзчивит пен Неслихан Атагүл сомдайды. Телехикая өзгелерге ұқсамайтын сце­нарийімен ғана емес, детективтік желісі, ал бәрінен бұрын, талантты актерлері, кейіпкерлердің сезімін шынайы суреттеуімен көрерменді өзіне баурап алады. Режиссері – бұған дейін бірнеше мелодраманың сценарийін жазған Түркияның аты әйгілі режиссері Хилал Сарал. «Өшпес махаббатта» Түркияның жасыл желекке толы алқабы, тарихы терең елдің қарапайым халқының, дәулетті әулеттердің өмір салты, жан тебірентер әуендері мен тамаша әндері көрермендерді тәнті етеді. Бурак Өзчивит «Сұлтан Сүлеймен» телехикаясында әскер басы Бали Бей, «Сары шымшық» телехикаясында махаббатқа адал Кямрян болып танылған және «Кішкентай құпиялар. Стамбұл сырлары», «Еріксіз күйеу» атты фильмдерде сәтті ойнаған актер. «Өшпес махаббатта» ол алғашында кедей шахташы болып, кейіннен басына бақ қонған дәулетті, табысты адамға айналған Кемаль есімді жігіттің рөлін сомдайды. Тағдыр Кемальға кенеттен тосынсый жасайды. Ол үріп ауызға салғандай Нихан атты сұлу студент қызға ғашық болады. Нихан да оны бір көргеннен ұнатады. Алайда екі ғашық екі әлемнің өкілі. Бірі – байдың қызы, екіншісі – кедей жігіт. Олардың алдында – үлкен таңдау тұр. Үлкен өмірге қадам басу үшін шешім қабылдауға тиіс. Әйткенмен, тағдырдың тәлкегімен Кемаль ғашығымен айырылысуға мәжбүр болады. Сөйтіп ол өмірден үлкен сабақ алып, сезімін жүрегінің түкпіріне жасырып, шахтада жұмыс істеу үшін Зонгулдак қаласына кетіп қалады. Ал Нихан дәулетті отбасынан шыққан Эмир атты қатыгез жігітке еріксіз тұрмысқа шығады. Содан бастап Кемаль мен Ниханның жолы екіге айырылады. Бірін-бірі ессіз сүйген екі ғашық махаббаттан біржола күдер үзгендей болады... Алайда өмір өз дегеніне көндіреді екен. Кемаль жұмыс істейтін шахтада орын алған апат – оның тағдырын мүлде басқа арнаға бұрып жібереді. Соның арқасында ол танымастай болып өзгеріп, Нихан мен Эмирде, өз тағдырын ойран еткен адамдарда кеткен кегін қайтару үшін Стамбұлға қайта оралады. Бұл хикаядан көрермен адамның бағы бір сәтте жанып, бір сәтте уысынан сусып кетуі мүмкін екенін, әлеуметтік теңсіздіктің қолыңды жіпсіз байлауы да, күрескер болып қалыптасуға ықпал етуі де мүмкін екенін түсінеді. Тағдыр кез келген бітпеген оқиғаға нүкте қояды. Бейтаныс жан деп жүргенің жақының болып, ал жақыныңды мүлде танымайтын болып шығуың да ғажап емес. Махаббат дерті – жүрекке айықпас жара салады. Ол – азапқа толы, алайда мәңгілік таусылмайтын ғажайып сезім.    

Серіктес жаңалықтары