Елімізде етті ең көп тұтынатын өңірлер белгілі болды

Өңірлер бойынша нан мен жарма өнімдерін Түркістан облысының тұрғындары көбірек тұтынады.

Елімізде етті ең көп тұтынатын өңірлер белгілі болды
Фото: paryz.kz
6385

Қазақстанда ет өнімдерін көп тұтынатын өңірлер белгілі болды, деп хабарлады turkystan.kz

Ұлттық статистика бюросы 2023 жылдың ІІІ тоқсаны бойынша жан басына шаққандағы азық-түлік тұтыну кестесін жариялады. Үй шаруашылығының тұтыну шығындарында азық-түлік сатып алуға жұмсалатын шығындардың ең көп бөлігі ет пен ет өнімдеріне – 17%, нан мен жарма өнімдеріне – 7,8%, сүт өнімдеріне 5,4% жұмсалады.

Ет және ет өнімдерін тұтынудың ең жоғары көрсеткіші Жетісу, Атырау, Ақмола облыстарында, ал ең төмені Шымкент қаласында байқалған.

Өңірлер бойынша нан мен жарма өнімдерін Түркістан облысының тұрғындары көбірек тұтынады – жан басына шаққанда 44,1 кг (тоқсанына), ең азы – Астана тұрғындарында, жан басына шаққанда 23,6 кг. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2023 жылдың ІІІ тоқсанында қазақстандықтар ет және ет өнімдерін – 0,7келіге, сүт және сүт өнімдерін 1,2 келіге көбірек тұтынған.

Серіктес жаңалықтары