сейсенбі, 1 сәуір, 2025

Шавкат Рахмонов алдағы жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады

/
Prosports.kz
Шавкат Рахмонов 17 желтоқсан күні Лас-Вегаста америкалық Стивен Томпсонмен жекпе-жекке шығады.

Мазмұны

    Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (17-0) UFC-де өз елінің намысын қорғаудың қандай екенін айтты, деп хабарлады turkystan.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

    «Мен Қазақстанның атын шығардым, аянбай еңбек еттім. Туымызды халықаралық аренада көрсетудің өзі бақыт», - деді Рахмонов.

    Шавкат америкалық Стивен Томпсонмен алдағы жекпе-жек туралы да айтты.

    «Томпсонды жеңуге жақсы дайындалдым деп ойлаймын. Кез келген жолмен жеңуім керек», - деді спортшы.

    Айта кетейік, Рахмонов-Томпсон жекпе-жегі 17 желтоқсан күні Лас-Вегаста (АҚШ) UFC 296 турнирі аясында өтеді.

    Бөлісу: