1010
Елімізде жаңа тұрғын үйдің бағасы арзандады
Кейінгі 7 жылда алғаш рет жаңа баспана бағасы түскен.
Қараша айында жаңа пәтердің 1 шаршы метрі 491 мың 985 теңге болды. Бұл қазан айымен салыстырғанда 0,7%-ға төмен.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, баспана бағасының арзандауы соңғы 7 жылда болмаған.
Арзандау әсіресе Алматы, (1,6%), Ақтөбе, (2,8%) және Шымкент (3,4%) қаласында байқалады. Тұрғын үйді жалға алу қымбаттады.
Керісінше, кейбір қалаларда пәтер бағасы өсе түскен. Олар:
— Актау (+2,1 пайыз);
— Семей (+0,5 пайыз);
— Қостанай (+0,2 пайыз);
— Көкшетау (+0,1 пайыз).