Қаржы министрі Мәжіліс депутаттарының ҚҚС мөлшерлемесін өсіру туралы сұрағына жауап берді

Министр ҚҚС мөлшерлемесін 16%-ға дейін көтеру инфляция деңгейінің жоспарланған межесіне жетуге (5,5-7,5%) кедергі болмайтынын айтты.

Қаржы министрі Мәжіліс депутаттарының ҚҚС мөлшерлемесін өсіру туралы сұрағына жауап берді
сурет: primeminister.kz
961

ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мәжіліс депутаттарының ҚҚС мөлшерлемесін 12%-дан 16%-ға дейін өсіру туралы сұрауына жауап берді. Бұл туралы informburo.kz хабарлады.

Қазақстанда 2006 жылы ҚҚС мөлшерлемесі 15% болған кезде ЖІӨ-ге көлеңкелі экономиканың деңгейі 19,8%, ал сауда саласындағы көлеңкелі экономиканың мөлшері ЖІӨ-нің 2,7%-ы болған. Кейінгі жылдары ҚҚС мөлшерлемесі 12%-ға дейін біртіндеп төмендеді. Алайда саудадағы көлеңкелі экономика көлемі жыл сайын артып, 2016 жылы ЖІӨ-нің 9,2%-на дейін жеткен. Осы деректерді алға тартқан министр көлеңкелі экономика деңгейі мен ҚҚС мөлшерлемесінің арасында тікелей байланыс жоқ деп мәлімдеді.

Мөлшерлеменің төмендегеніне қарамастан, саудадағы көлеңкелі экономика деңгейі төмендеген жоқ. Бұдан бөлек, ҚҚС мөлшерлемесінің 12% болғанына қарамастан, көлеңкелі экономика деңгейі ҚҚС мөлшерлемесі жоғары Еуропа елдеріне қарағанда бізде жоғары болып отыр (ЖІӨ-нің 18,8%), – деді Жамаубаев.

Министр ҚҚС мөлшерлемесін 16%-ға дейін көтеру инфляция деңгейінің жоспарланған межесіне жетуге (5,5-7,5%) кедергі болмайтынын айтты. 

Сонымен қатар, ҚҚС-ның инфляцияға әсері бір ақ рет, мөлшерлеме өскен жылы ғана байқалатынын айтты. Бұл ретте бюджетке түсетін түсімдер жыл сайын өсетін болады. ҚҚС мөлшерлемесінің өсуі бірінші кезекте маңызды тауарлардың бағасына айтарлықтай әсер етпейді, – деп сендірді Премьер-министрдің орынбасары. 

Серіктес жаңалықтары