Айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабек өзіне ота жасалғанын айтты

Ол Түркияда ота жасатқан.

Айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабек өзіне ота жасалғанын айтты
Фото: instagram.com/mukhamedzhan_tazabek
995

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабек өзіне ота жасалғанын айтты. Ол бұл туралы Instagram парақшасында жазды, деп хабарлады turkystan.kz.

«Құрметті достар! Маған білдірген тілектестіктеріңізге, жасаған дұға-баталарыңызға көп рахмет! Алладан қайтсын! Отадан өтіп, терең ұйқыдан оянғасын, әуелі анама хабарластым, сосын жақындарыма, туыс-достарыма амандығымды білдірдім. Алаңдап отырған жанашырларың, саулығыңды тілейтін елің-жұртың болғаны үлкен бақыт. Заманауи емхана, білікті дәрігерлердің алдында жатсаң да, арнайы ниеттеніп, аз-кем дайындықпен келсең де «быламыққа тіс сынатынын» білетін әлсіз пенде ретінде уайымдайсың. Ал енді аяқ астынан апатқа ұшыраған немесе отты ошақтарда үйіне бомба түсіп, қансыраған хәлде пышаққа түсіп жатқан бауырларды ойлағанда, жағдайларын шынайы түсінгенде аза бойың қаза болады… «Ия, Алла, бізге көтере алмайтын ауыр сынақ берме, ал, қиындықтан күйзеліп жатқандарға жеңілдігіңді жібер» деп күбірлеп, дұға қылғаннан басқа қолдан келер шара жоқ», – деп жазды ол. 

 

Серіктес жаңалықтары