АҚШ-та "QR қылмыстар" жиілеген

New York Times газетінің мәліметінше, биылдың өзінде елде 60,000 QR алаяқтық тіркеліпті.

АҚШ-та "QR қылмыстар" жиілеген
сурет көрнекілік үшін ашық дереккөзден алынды
2966

АҚШ билігі халыққа QR кодтардан сақ болуды ескертеді. Бұл туралы theverge.com жазды.

Федералды сауда комиссиясы (FTC) өткен аптада жұртшылыққа ескерту жариялады. Алаяқтар жалған QR код арқылы азаматтардың жеке дерегін, ақшасын, құпиясөздерін ұрлауды жиілеткен. New York Times газетінің мәліметінше, биылдың өзінде елде 60,000 QR алаяқтық тіркеліпті.

Ел билігі таныс емес, күдікті QR-ді сканерлемеу, URL мекенжайын тексеру, екі факторлы аутентификацияны қолдану сияқты сақтық шараларын сақтауды ескертіп отыр.

Серіктес жаңалықтары